ХҚКО электронды форматта қол жетімсіз қызметтерді ғана көрсетеді

ХҚКО электронды форматта қол жетімсіз қызметтерді ғана көрсетеді

Халыққа қызмет көрсету орталықтары штаттық жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Коронавирус инфекцияның таралу қаупінің сақталуына байланысты, сондай-ақ азаматтардың шоғырлануын болдырмау мақсатында, Нұр-Сұлтан қаласының ХҚКО электронды форматта қол жетімсіз, қағаз түріндегі қызметтерді ғана көрсетеді.

Коронавирус қаупі әлі сейілген жоқ. Сондықтан электронды үкімет порталында азаматтарға мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамы қолжетімді. Жеке және заңды тұлғаларға электронды цифрлық қолтаңба беру қызметі де онлайн-форматта қолжетімді, деп хабарлады Байқоңыр ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Аманжол Сыдықов.

«Қазір азаматтар үйден шықпай-ақ, аудандық әкімдіктер жанындағы өз-өзіне қызмет көрсету секторларында, ЭКСПО-ның сандық қызмет көрсету орталықтарында, сауда орталықтарында және қаланың басқа да нысандарында мемлекеттік қызмет ала алады», – деп атап өтті ол. Қала тұрғыны Ғаббас Таласбеков ХҚКО-ға құжат ресімдеуге келді.

«Бүгін ХҚКО-на ұзақ үзілістен кейін келдім. Барлығы жақсы жұмыс істейді, құжаттар дайындалуда. Залға көп адам жіберілмейді, бұл дұрыс: карантин шараларын қатаң сақтау керек!» – дейді ол.

Тағы бір келуші ХҚКО-да санитарлық нормалар сақталатынына ризашылық білдірді.

«Кіре берісте мені ХҚКО қызметкері қарсы алды. Кезекте тұрғандардың аз екені байқалады. Қолды антисептикпен өңдеу мүмкіндігі қарастырылған. Келушілер бір-бірінен қауіпсіз қашықтықта, барлығы маска киген. Мұндай сақтық шаралары коронавирустың таралуын болдырмауға көмектеседі», – деді Әсел Сейфуллина.