Дәрігерлер «Хилтон» қонақ үйінің басшылығына алғыс білдірді

Дәрігерлер «Хилтон» қонақ үйінің басшылығына алғыс білдірді

Жайлы қонақ үйде дәрігерлер, мейірбикелер мен санитарлар бір жарым ай тұрды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Коронавируспен күресетін елордалық дәрігерлер 8 сәуірден бері тегін тұрып жатқан «Хилтон» қонақ үйінің басшылығына алғыстарын білдірді.  

Ауыр ауысымнан кейін медицина қызметкерлері толыққанды демалуға және күш жинап, өзінің мәртебелі міндетіне қайта кірісуге мүмкіндік алды.

«Астаналық дәрігерлер Covid-19 індетіне қарсы жанкештілікпен күресуде. Сондықтан қала әкімдігі тарапынан көрсетілетін қолдау өте маңызды. Сондай-ақ ТЖ және карантин кезінде бізге көмек көрсеткен «Хилтон» қонақ үйінің басшылығына алғысымыз шексіз», – дейді Нұр-Сұлтан қаласының фтизиопульмонология орталығының мейірбикесі Мерей Көбентаев.

Сондай-ақ аталған мекеменің мейірбикесі Людмила Аубакирова өз ризашылығын білдірді.

«Мұнда қоныстанғанда, үлкен әсер алдық: өмір сүру үшін барынша қолайлы жағдай, сапалы және пайдалы тамақ. «Хилтон» қонақ үйіне, BI-Group компаниясына, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне үлкен алғысымды білдіргім келеді», – дейді ол.

Қонақ үйдегі қолайлы жағдай туралы фтизиопульмонология орталығының мейірбикесі Сәуле Бузкенова айтып берді.

«Хилтон» қонақ үйінде тұратын барлық қызметкерлердің атынан, атап айтқанда, қалалық фтизиопульмалогиялық орталықтың медицина қызметкерлері атынан қонақ үй басшыларына, BI-Group компаниясының мен оның басшысы Айдын Рахымбаевқа, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне үлкен алғысымды білдіргім келеді. Мұнда екі орынды бөлме, теледидар, интернет, үш мезгіл ыстық тамақ – барлық жағдай жасалған. Жайлы автобустарда тұрақты тасымалдау бар. Барлығы үй жағдайына жақын жасалған. Екі айдан астам уақыт бойы қызметкерлер өз отбасыларын, балаларын көрмеді. Осындай жағдай үшін көп рахмет. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа біздің жұмысымызға қаржылық тұрғыдан қолдау үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Бұл медицина қызметкерлері үшін үлкен көмек», – деп атап өтті Сәуле Бузкенова.