
Астанада №31 мектеп-гимназиясында «Аутист балалармен жұмыс барысындағы кешенді тәсілдер» тақырыбында қалалық конференция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлының қатысуымен Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне орай №31 мектеп-гимназиясында аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларды сүйемелдеуді және оқытуды ұйымдастыру бойынша педагогтердің, мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру мақсатында қала мектептерінің басшыларына, педагогтеріне және ата-аналарына арналған «Аутист балалармен жұмыс барысындағы кешенді тәсілдер» тақырыбында конференция өтті.
Конференцияға өз іс-тәжірибелерімен бөлісуге «Болашақ» КҚ мінез-құлық бағдарламаларының кураторы, Астана қаласы әкімдігінің №3 педагогикалық- психологиялық түзету кабинеті, №65 мектеп-гимназиясының мамандары, №31 мектеп-гимназиясының педагогтері мен ата-аналары қатысты.
Конференция барысында арнайы мамандар аутизм спектрінің бұзылуы бар оқушылармен жұмыс істеудегі педагогикалық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ерекше тәсілдер талқыланды.