
Коронавирус жазылып шыққандарғада зардабын тигізеді. Инфекция өпкені, бүйрек, бауыр, жүрек сонымен қоса миды зақымдайды. Сондай-ақ өкпеде тіннің фиброзды ошақтары кейпіндегі өзгерістер пайда болады.
«Кез келген вирустық инфекцияда, соның ішінде COVID-19 дың ауыр түріндегі жағдайында, өкпенің қабынуы байқалады. Өкпенің кез келген қабыну ауруынан кейін тіннің фиброзды ошақтары кейпіндегі өзгерістер пайда болады. Осының салдарынан өкпенің өз бетімен жұмыс істеу мүмкіндігі төмендейді. Осыған қарап коронавирус инфекциясының із-түссіз өтпейтініне көз жеткізуге болады. Жазылып шыққан адамдардың бір- екі жылдан кейін жағдайлары қалай болатыны белгісіз. Сондықтан қауіпті инфекцияға немқұрайлы қарамау керек. Сіз тек санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, өз ағзаңызды сақтап қала аласыз. Бетперде тағып, антисептик қолданғаныңыз абзал» – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.
КВИ жұқтырған науқастар инфекционистер, пульмонологтар және кардиолог мамандардың қадағалауында. Жалпы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1199 адам вирус жұқтырды, оның ішінде 578 адам жазылып шықты, 5 адам қайтыс болды.