Елордалық спортшылар шорт-тректен ел чемпионатының жалпы есебінде жеңіске жетті

Елордалық спортшылар шорт-тректен ел чемпионатының жалпы есебінде жеңіске жетті

Елордалық «Алау» мұз айдыны сарайында шорт-тректен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Онда Астана спортшылары жеңіске жетті. Ерлер арасындағы көпсайыста Әділ Ғалиахметов (75 ұпай) чемпион атанды, әйелдер арасында Малика Ермек (102 ұпай) бәін шаң қаптырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Әділ Ғалиахметов 1500 метрлік және 5000 метрлік эстафетаны жеңіп алды. 500 метрге жүгіруде 7, ал 1000 метр қашықтықта 5-орын алды. Жалпы есепте күміс медаль Нұртілек Қажығалиге (БҚО), қола Богдан Веховқа (Астана қаласы) бұйырды.

Малика Ермек 500, 1000 және 1500 метрлік жарыстарда жеңіске жетті. Осылайша, елордалық спортшы жалпы есепте үздік атанды. Күміс медальді Нұрия Алпысбай (Астана қаласы), үштікті Яна Хан (Ақмола облысы) жеңіп алды.

Әйелдер эстафетасында (3000 м) Қостанай облысы жеңіске жетті, қалған екі тұғырға Астана мен БҚО командалары көтерілді.

Ерлер арасындағы эстафетада (5000 м) Астана құрамасы, екінші орында Қостанай, үшінші орында Қарағанды облыстары алтын алды.

Аралас эстафетада (2000 м) елордалық шорт-трекшілер ең жақсы өнер көрсетті. Екінші орынды Ақмола облысының командасы иеленді, БҚО командасы үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан чемпионатына 9 өңірден барлығы 81 спортшы қатысты.