Жұмыспен қамту жол картасы аясында жұмысқа орналасу үшін қайда жүгіну керек?

Жұмыспен қамту жол картасы аясында жұмысқа орналасу үшін қайда жүгіну керек?

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020-21» бағдарламасы аясында 15 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. ҚР Президенті тапсырмасы бойынша, елордада «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020-21» инфрақұрылымдық жобасын жүзеге асыру басталды.

«Жоба аясында біз 15 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 600-ден астам адам жұмысқа тұрады. Бүгінде жұмыспен қамту орталығы келесі алгоритм бойынша жұмыс істейді: орталық қажетті білікті мамандарды іріктейді және оларды жұмыс берушілермен сұқбатқа жібереді», – дейді «Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ басшысы Бақытбек Қабжанов. Орталық басшысы «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында машина операторлары мен жүк көліктері жүргізушілері мамандықтары сұранысқа ие екенін атап өтті. Бүгінде жол картасы аясында жалақы мөлшері – 85 мың теңге және одан да жоғары.

«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 1 500 адам жұмысқа орналасты.

«Бағдарлама арқылы жұмысқа орналасу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет, орталықта осы мәселе бойынша жедел штаб бар. Біз Бейбітшілік көшесі 25 үйде орналасқан «Өркен» бизнес орталығында қызмет көрсетеміз.