
Жөндеу жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Ақмешіт көшесінен Нұрлыжол көшесіне дейін (бір бағытта) Нұржол бульвары бойынша жұмыстар жүргізуде.
Сондай-ақ Нұрлыжол көшесі бойынша Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде жол жүру бөлігін ішінара жабу жоспарлануда.
Бұл жұмыстар 14-25 мамыр аралығында жүргізіледі.
Сонымен қатар қаланың көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Жангелдин көшесі бойынша Сарыарқа даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі учаскеде жұмыстарды бастау жоспарлануда.
Осыған байланысты 14-20 мамыр аралығында аталған учаскеде автокөлік қозғалысы ішінара жабылады.
Сондай-ақ 15-17 мамыр аралығында Бейбітшілік – Сейфуллин көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізу жоспарлануда.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептелістің алдын алу үшін өз бағдарын алдын ала жоспарлау қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында.