
Бейрутте (Ливан) үстел теннисінен WTT Feeder Beirut халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Аталған сында Астана қаласының спортшысы Кирилл Герасименко өнер көрсетіп, күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Айта кетейік, финалға дейін Герасименко төрт кездесуде жеңіске жетті. Олардың арасында Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері Гьонис Панайотис (Грекия), командалық сындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері Сатиян Гнанасекарян (Үндістан) бар.
Жалпы Қазақстан қоржынында тағы екі қола медаль бар екендігін айта кетейік.