Нұр-Сұлтанда 13 мамырдан бастап «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының жұмысы қайта басталды

Нұр-Сұлтанда 13 мамырдан бастап «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының жұмысы қайта басталды

13 мамырынан бастап «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының жұмысы қайта жаңғыруда. Орталық келесі мәселелер бойынша қызмет көрсетеді:

– атаулы әлеуметтік көмек;

– заңгерлік көмек;

– денсаулық сақтау;

– білім; – бизнес;

– «Кәсіпкер ана» жобасы.

Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау карантин шараларын сақтай отырып жүргізіледі. Азаматтар бетперде киіп, әлеуметтік қашықтық сақтауы тиіс. Сонымен қатар орталықтың барлық қызметтерін онлайн режимде келесі телефондар арқылы алуға болады: 57-87-00, 57-88-88.

АӘК мәселелері бойынша кеңес:

Алматы ауданы – 8 775 351 00 00,

Сарыарқа ауданы – 8 777 038 66 48,

Есіл ауданы – 8 775 939 63 42,

Байқоңыр ауданы – 8 702 106 89 81.

Орталық ашылғалы (26 тамыздан бастап) 27,4 мың мәселе бойынша 12,2 мың адам жүгінген (20,6 мың сұрақ бойынша жүйелі кеңестер берілді, 6,7 мың сұрақ бойынша шешімдер қабылданды).