
Өткен түнде коммуналдық қызметтер қаладан 12,6 мың текше метр қар шығарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
22 наурыз күні таңертең елордада қар тазалау жұмысына 2,5 мыңға жуық жол жұмысшысы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
21 наурыздан 22 наурызға қараған түні елордадан 12,6 мың текше метр қар шығарылды, бұл мыңға жуық ауыр жүк көлеміне тең.
Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға барлығы 487 мың рейспен 6,6 млн текше метрге жуық қар шығарылды.