Нұр-Сұлтанда 92 жастағы науқас коронавирустан жазылып шықты

Нұр-Сұлтанда 92 жастағы науқас коронавирустан жазылып шықты

Нұр-Сұлтанда 16 сәуірден бастап стационарлық ем алған 92 жастағы науқас коронавирустан жазылып шықты. Науқас КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес толық ем алды. Егде жастағы әйел адам дәрігерлерге көрсетілген медициналық көмек пен күтім үшін алғыс айтып, денсаулық тіледі.

5 мамырда елордалық жұқпалы аурулар стационарларынан 20 науқас, 6 мамырда тағы 10 науқас шығарылды.

Елордада коронавирусқа шалдыққан адам саны – 768. Олардың 333-і індеттен сауықты.