
Нұр-Сұлтанда коронавирус індетіне шалдыққан науқастардың 43%-і жазылып шықты. 4 мамырдағы деректерге сәйкес коронавирус инфекциясынан 33 адам сауықты, олардың ішінде 12 ер адам бар.
Науқастар 14-15 сәуірден бастап жұқпалы аурулар ауруханасында стационарлық ем алды:
- 18 жасқа дейінгі 2 бала;
- 30,3% (10) - 18-29 жас аралығындағы тұлғалар;
- 45,5 % (15)- 30-дан 49 жасқа дейінгі тұлғалар;
- 18,2% (6) - 60-тан 69 жасқа дейінгі тұлғалар.
Сонымен бірге бүгін 68 жастағы АҚШ азаматы емделіп, шықты. Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясы 701 науқаста анықталды. Індеттен барлығы 303 адам сауықты (43,3%). Барлық емделушілер КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес толық ем алды.