Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген 3600-ден астам адам төлем алды

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген 3600-ден астам адам төлем алды

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы мерекесіне орай Нұр-Сұлтанда 3688 адам біржолғы ақшалай төлем алды. Төлемнің жалпы сомасы 180,9 млн.теңгені құрады.

44 соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 1 млн. теңгеден, соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген 410 адамға 75 мың теңгеден берілді. Сонымен қатар жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген (қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары), сондай-ақ тыл еңбеккерлеріне – 3234 адамға 32,5 мың теңгеден төленді.