Астанада Наурыз мерекесіндегі қоғамдық көліктің жұмыс кестесі белгілі болды

Астанада Наурыз мерекесіндегі қоғамдық көліктің жұмыс кестесі белгілі болды

Астанада алдағы Наурыз мерекесі күндері қоғамдық көлік қалай қатынайтыны белгілі болды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мереке күндері елорданың қоғамдық көлігі келесідей жұмыс істейді:

  • 21, 22, 23, 25 наурыз күндері сенбі күнінің кестесімен;
  • 24 наурызда жексенбі күнінің кестесіне сәйкес жүреді.

Жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін.

Сапарларыңызды жоспарлау барысында осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.

Қала маңы бағдарларының жүру кестесін CTS-тің Instagram парақшасынан қарауға болады.