
Нұр-Сұлтанда бірқатар мәдени-спорттық кешендер жөндеуден өтеді.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша «Жастар сарайы» МКҚК-да күрделі жөндеу басталды. Көпфункционалды кешен 46 жыл бұрын салынған. Жалпы ауданы 13 мың шаршы метрді құрайды.
Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс барысымен танысты.
Жөндеуден өткеннен кейін кешенде волонтерлік орталық, коворкинг пен фитнес-орталығы, кітапхана, құқықтық көмек көрсету және жұмыс іздеу үшін кеңес беру орындарын және шығармашылық клуб ашу, ұйымдастыру жоспарда бар. «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша Қ.Мұңайтпасұлы атындағы стадионын, МЖӘ бойынша «Қазақстан» спорт сарайын және «Толқын» спорт кешенінің шатырын жөндеу жұмыстары жоспарланған.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша елордада 15 мың жұмыс орны ашылады.