Елорданың елді-мекендерінде қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Елорданың елді-мекендерінде қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Елорданың елді-мекендерінде екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Жақын арада тағы екі нысан бойынша жұмыстар басталады. Олар әртүрлі аудандарда орналасады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде спортпен айналысуға арналған кабинеттерден басқа, пошта бөлімшесі, полиция пункті, егде жастағы тұрғындарға арналған клуб, ХҚКО, кітапхана және т.б. болады.

Нысанды тапсыру мерзімі – 2021 жыл.

Елді-мекендерде жол жұмыстары жүріп жатыр. Биыл жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 150 көше жөнделеді.   

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында 1,5 мың жұмыс орны құрылады, барлығы – 15 мың жұмыс орны пайда болады. Жұмыс іздеп жүрген азаматтар жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге елді-мекендерде газ тарату желілерінің құрылысы басталды.

Магистральдық газ құбырының монтажы аяқталу сатысында. Железнодорожный елді-мекенінде газ тарату желілерінің үштен бірі салынды. Бұл жұмыстар Көктал-1, Көктал-2 және Агрогородок елді-мекендерінде бе жүргізіліп жатыр. Барлық жұмыстар-кестеге сәйкес. Өнеркәсіптік сектор мен елді-мекендерді газдандыру 3 кезеңде өтеді. Келесі жылыту маусымында Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, Промышленный, Железнодорожный елді-мекендері газбен қамтамасыз етіледі.