
Түркияның Эрзурум қаласында өткен ХХ қысқы сурдлимпиадалық ойындарында классикалық шахматтан командалық ойында ұлттық құрама қатарында өнер көрсеткен елордалық спортшы Сұлтан Қожахметов қола медальді иеленді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
«Маған берілген мүмкіндік үшін алғысымды білдіремін. Мен үшін бұл жарыс үлкен тәжірибе болды. Алдағы уақытта да көп жұмыс жасайтын боламыз», - деді Сұлтан Қожахметов.
Спортшыны мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Елорда» спорт клубы мен дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының қызметкерлері мен жақындары қарсы алды.