
Черногорияның Будва қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Әлем кубогында астаналық былғары қолғап шебері күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Байрақты бәсекеде 35 мемлекеттен 250-ге жуық спортшы бақ сынады. Олардың қатарында елордалық спортшылар да бар.
Астаналық былғары қолғап шебері Ахметов Әлмұхаммед финалға дейінгі белдесулерде жеңіске жетіп, финалда ресейлік боксшы Гуков Алексейге есе жіберді. Осылайша, ол Әлем кубогының «күміс» жүлде иегері атанды.