Инвесторлар қала ауруханаларына коронавирусты емдеуге арналған медициналық жабдық сыйға берді

Инвесторлар қала ауруханаларына коронавирусты емдеуге арналған медициналық жабдық сыйға берді

Шетелдік инвесторлар коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуді жеңілдету үшін Нұр-Сұлтан қаласының ауруханаларына медициналық құрал-жабдықтар берді.

Медицина қызметкерлері жабдықты пайдалану бойынша тиісті дайындықтан өтті.

Сатып алынған медициналық құрылғыда қарқынды терапияға арналған заманауи жабдықтар, атап айтқанда, төсек мониторлары, инфузиялық сорғылар, қан анализаторы, электркедергілі томограф, сондай-ақ реанимацияға арналған функционалды жабдықтар кіреді.

Бірлескен жоба аясында осы орталықтың медицина қызметкерлері үшін 10 мың жеке қорғаныс құралдары сатып алынды. Медициналық жабдықты сатып алуға қаражат бөлген бірлескен қайырымдылық жобасының қатысушылары: Шелл Казахстан, Эни, ИНПЕКС Норт Каспиан Си Лтд., Тоталь, ЛУКОЙЛ, Камеко Қазақстан, Эр Ликид, Такеда.