Астанада қар тазалауға 1200-ге жуық арнайы техника шықты

Астанада қар тазалауға 1200-ге жуық арнайы техника шықты

Соңғы күндері елордада жаңбыр аралас қар көп жауды. Коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

11 наурыз күні таңертең қар тазалау жұмыстарына 2,5 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1200-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.

10 наурыздане 11 наурызға қараған түні қаладан 17 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 1,3 мың ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс басынан бері полигондарға 452,5 мыңнан астам жүк көлігі, яғни 6,1 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының ыңғайлы қозғалысы үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз.

Елордада қар тазалау тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Астанада 11 наурызда күн бұлтты, кейде қар жауады. Оңтүстік - батыс жел екпіні 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -8-10, күндіз -4-6 суық.