Еріктілер астаналық нәзікжандыларға тосын-сый жасады

Еріктілер астаналық нәзікжандыларға тосын-сый жасады

"Астана жастары" жастар ресурстық орталығының еріктілері аудан әкімдіктерімен бірге мерекелік акцияны жалғастыруда, оның аясында елорда тұрғындарын 8 наурыздан бастап құттықтап, гүл шоқтарын сыйлайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның мақсаты - халықаралық әйелдер күнінің маңыздылығына назар аудару, сондай-ақ ауданда жағымды және мерекелік атмосфера құру.

"Біз шоколадпен гүл тараттық. Бұл акция арқылы әйелдерге күлкі, жақсы көңіл күй мен жағымды эмоция сыйлағымыз келді. Айта кетейік, бұл іс-шараны кешеден бері өткізіп келеміз", - деді еріктілердің бірі Айдан Байғандыев.

Астаналық нәзікжандылар бөгде адамдардың күтпеген жерден гүлмен құттықтауы қуаныш сыйлағанын жасырмады.

"Жастарға көрсеткен құрметі үшін алғыс айтамын. Осы керемет күнде баршаңызға бақыт пен махаббат тілеймін", - деді Жамал Айтпаева.

Еріктілер қазірдің өзінде мыңнан аса қызғалдақ сыйлады. Акция әлі де жалғасуда.