Елордалық колледжде Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт өтті

Елордалық колледжде Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт өтті

Елорданың колледж студенттері мен түлектерінің қауымдастығы орта мамандандырылған оқу орындарымен бірлесіп, Astana Polytechnic Жоғары колледжінде концерттік бағдарлама ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсету, олардың еңбектеріне алғыс білдіру.

«8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын! Сіздер әлемге жылулық пен мейірім сыйлап, жақындарыңызға махаббаттарыңызды арнайсыздар! Сіздерге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық, денсаулық тілеймін!» - деп құттықтады колледж студенттері мен түлектері қауымдастығының төрағасы Аңсар Қайыржанов.

Салтанатты іс-шарада елордалық колледждер оқу үдерісі, мамандықтар мен гранттар туралы ақпарат берді. Концертке қаланың 60 үздік колледж студенті қатысты.