Астанада 70-тен астам көпбалалы ана марапатталды

Астанада 70-тен астам көпбалалы ана марапатталды

Астананың барлық ауданында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 70-тен астам көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Көпбалалы аналарға 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай елорда аудандары әкімдерінің қолынан «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері салтанатты жағдайда тапсырылды.

Аудан басшылары көпбалалы аналардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі, оларға жалпыадамзаттық құндылықтарға, әдет-ғұрыптарға, салт-дәстүрлерге, мәдениетке деген елеулі үлесін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, «Алтын алқа» жеті және одан да көп бала тәрбиелеп отырған аналарға беріледі. «Күміс алқа» төсбелгісімен алты баланы тәрбиелеген әйелдер марапатталады.