Лицензиялық турнир: Римма Волосенко ширек финалға жолдама алды

Лицензиялық турнир: Римма Волосенко ширек финалға жолдама алды

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық жарыста 60 келідегі елордалық Римма Волосенко үшінші жекпе-жегінде өз мықтылығын танытты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Ол Уругвай спортшысы Камилла Паоло Пинейродан қарағанда жылдам қимылдап, дәл соққыларын дарыта білді. Сондай-ақ, Римма 2-раунд барысында қарсыласын нокдаунға да жіберді.

Енді отандасымыз ширек финалдық айқасын ертең өткізеді.

Ал бүгін шаршы алаңға шамамен 01:15 (Қазақстан уақытымен) тағы бір елордалық боксшы Айбек Оралбай шығады