Елордада 8 наурыз қарсаңында бал мерекесі өтті

Елордада 8 наурыз қарсаңында бал мерекесі өтті

М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем симфониясы» атты бал мерекесі өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Мереке қонақтарына арнап М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының директоры Вадим Моторин құттықтау сөз сөйледі.

«Оқушыларымыз ғажайып кеш ұйымдастырды. Мереке қарсаңында сіздерге шын жүректен бақыт пен қуаныш тілеймін! Бұл күн біз атап өтетін көптеген мерекенің арасында ерекше орын алады, өйткені бұл күн сіздердің сұлулықтарыңыз бен нәзік көңілдеріңізге арналған», – деп құттықтады Оқушылар сарайының директоры.

8 наурыз қарсаңында «Көктем симфониясы» балында мектеп және студенттер парламентінің жетекшілері алғыстарын білдірді.

Салтанатты іс-шараға қатысушыларды Астана қаласы Білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Гүлфара Сарамбетова құттықтады.

«Қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтың атынан сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі концертте балалар бойындағы таланттарын көрсете білді. Осындай іс-шараларды ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді», - деді Гүлфара Сарамбетова.

Мерекелік бағдарламада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ән және би ансамблінің ерлер хорының орындауында әуендер шырқалды.