Астанада көлік картасына арналған екі касса жабылады

Астанада көлік картасына арналған екі касса жабылады


Астана қаласында CTS-тің көлік картасына арналған 2 мамандандырылған кассасы жабылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жабылатын кассалар:

14 наурыз күні – Қабанбай батыр даңғылы, 5 мекенжайындағы елордалық цирк ғимаратында орналасқан касса;

28 наурызда – Петров көшесі, 24 мекенжайындағы «Еуразия» СҮ касса.

Ал орталық касса мен «Сапаржай» автовокзалында орналасқан кассалар қалыпты жұмыс істейді.

Бүгінде Астана қаласында енгізіліп жатқан жаңа төлем жүйесі көлік картасының теңгерімін кассаға бармай, қашықтан және лезде толықтыруға мүмкіндік береді.

Әзірге лезде толтыру Kaspi.kz қосымшасы арқылы жүргізіледі. Басқа банктермен келісім жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, көлік карталарын елорданың сауда нүктелерінде төлем терминалдары арқылы толықтыруға да болады.