
Жыл басынан бері 19 делдалдық және сауда үстемесінің асып кету фактісі анықталды. Астана әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мамандары сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдерімен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі бойынша елорда базарларының саудагерлерімен түсіндіру жұмысын жүргізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес (2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544-II), тауарлардың бағасын, өнім берушінің талабы бойынша азық-түлік тауарларын жеткізу шарты жасалатын жағдайларды қоспағанда, ішкі сауда субъектілері дербес айқындайды, онда тараптардың келісімі бойынша шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын жеткізу шартында көрсетілген өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының шекті сауда үстемесінің мөлшерін 15%-дан аспайтын мөлшерде белгілейді.
Әкімдік қызметкерлерімен ӘМАТ бағасының осындай мониторингі апта сайын азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында жүргізіледі. Комиссия мүшелері елорданың ірі сауда нысандарына көшпелі іс-шаралар өткізеді. Жыл басынан бері осындай 15 отырыс өткізілді.
Бүгінгі таңда делдалдықтың 19 фактісі және сауда үстемесінің асып кетуі анықталды. Барлық материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сауда департаментіне жіберілді.
Бағаның өсуіне негізгі үлесті базарлардағы бөлшек саудагерлер және «үйдегі дүкендер» деп атайды.
Базарлардағы баға мәселелері бойынша әкімшілікпен түсіндіру жүргізілуде, олар сатушыларды сауда үстемесінің мәніне 15%-дан аспайтындай етіп бақылайды.
ӘМАТ бағасына әсер ететін өндірушілер мен жеткізушілердің кең ауқымымен өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында тұрақты негізде ӘМАТ өндірушілерінің салалық қауымдастықтарын және басқа да мүдделі тараптарды шақыра отырып, өңірлік комиссияның кеңейтілген отырыстары өткізіледі.