Астанада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

Астанада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

23 ақпан күні ауа райына байланысты бірінші ауысымның бастауыш сынып оқушылары онлайн оқитын болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Ауа райының суытуына байланысты 2024 жылғы 23 ақпанда бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды», – деп хабарлады елорданың Білім басқармасы.