Шағын футбол турнирінен жиналған қаржы Арысқа жіберіледі

Шағын футбол турнирінен жиналған қаржы Арысқа жіберіледі

Бұқаралық спорттың насихатталуына және қайырымдылыққа бағытталған шағын футболдан дәстүрлі турнир.

29 маусым күні бұқаралық спорттың насихатталуына және қайырымдылыққа бағытталған шағын футболдан дәстүрлі қалалық турнир өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Турнирді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырады.

Турнирдің басты мақсаты – рухани-қоғамдық сала өкілдері арасында бұқаралық спорттың кеңінен насихатталуына және оларды қайырымдылық шараларына атсалысуға ықпал ету, қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға әрі қиналғанның мұң-мұқтажын бөлісуге шақыру.

Жарнадан жиналған қаражат Түркістан облысының Арыс қаласында зардап шеккен көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жіберіледі.

Турнир 29 маусым күні 09:00-де №76 мектеп-лицейінің алаңында өтеді.