Астанада 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

Астанада 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

Астанада ауа райына байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«2024 жылдың 22 ақпаны күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - деп жазды Білім басқармасы.