
Елордада қоғамдық көліктерде жолақыны төлеудің тағы бір ыңғайлы әдісі ұсынылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл – «Avtobys» мобильді қосымшасымен жолақыны автобустың борт (гараждық) нөмірі арқылы төлеу.
Бұл тәсіл несімен ыңғайлы?
Автобустың борт нөмірі арқылы төлеу үшін:
Бұл жерде төлем «Avtobys» қосымшасының теңгерімінен немесе банк картасынан (банк картасы қосымшаға тіркелген болса) алынады.
Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады.
Осылайша, елорданың қоғамдық көлігінде жолақыны көлік картасымен, QR-код сканерлеу, «Avtobys» мобильді қосымшасында Bluetooth және автобустың борт нөмірін енгізу арқылы екінші деңгейлі банктердің картасымен төлеуге болады.