Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні: Астанада қандай іс-шаралар жоспарланып отыр?

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні: Астанада қандай іс-шаралар жоспарланып отыр?

Халықаралық Азаматтық Қорғаныс Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес, 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. Бұл күні Астанада қандай іс-шаралар жоспарланып отырғаны туралы қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ол биыл «Азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық технологиялар» ұранымен өтеді.
«Азаматтық қорғаныс соғыс кезінде халықты қорғаумен ғана емес, сонымен бірге табиғи және техногендік апаттар нәтижесінде қарапайым адамдар зардап шегуі мүмкін азаматтарды құтқарумен және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алумен айналысады. Сондай-ақ, осы оқиғалардың салдарын болдырмау және жоюмен ғана емес, сондай-ақ осындай жағдайда өзін қалай ұстау керектігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізумен де айналысады», - дейді Азамат Құсайынов.

Ол сөзін жалғай отырып, Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін атап өтті. Оның аясында тұтастай алғанда ел бойынша азаматтық қорғаныс айлығы жарияланды және азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттауға және азаматтық қорғау қызметтері орындайтын маңызды міндеттерге қоғам назарын аударуға бағытталған іс-шаралар кешені жоспарланды.

«Өскелең ұрпаққа үлкен көңіл бөлінеді. Оқу орындарында ашық және интерактивті сабақтар, «Баршаның назарына!» жедел-құтқару жасақтарының, өрт сөндіру бөлімдерінің базасында ашық есік күндері өткізіледі. «Үздік білім беру нысаны», «үздік қызмет және азаматтық қорғауды қалыптастыру» және «азаматтық қорғаныстың үздік қорғаныс ғимараты» тақырыптарында түрлі конкурстар өткізу бойынша жұмыс басталды.

«Елорданың 90 білім беру нысаны оқушыларының арасында 10 спорттық эстафета, 15 ойын және жаттығу, 5 интерактивті сабақ ұйымдастырылды. Азаматтық қорғаныс бойынша үгіт-насихат жұмыстары мектеп парламенттерімен, атап айтқанда қала мектептерінің президенттерімен және ТЖ министрлерімен басталды», - дейді ол.

Сөзін жалғай отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру мақсатында 23 ақпанда қала мектептерінің аумағында сейсмикалық жаттығулар өткізу жоспарланғанын қозғап өтті.

Азаматтық қорғаныс – Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қазіргі заманғы жеңіліс құралдарынан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі бейбіт және соғыс уақытында өткізілетін іс-шараларды іске асыруға арналған азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі.