
Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін сабақтар онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
"Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 15 ақпанында бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді", - деп хабарлады елорданың Білім басқармасы.
Естеріңізге салсақ, "Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, 15 ақпанда елордада қар жауып, боран болады. Солтүстік-шығыстан жел екпіні 9-14, 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -17-19 болып, одан әрі төмендейді.
16 ақпан күн бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады деген болжам бар. Солтүстік-батыс жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -33-35, күндіз -27-29 аяз.