
Ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 14 ақпанында бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді", - деп хабарлады Астана қаласы Білім басқармасы.