Астанадағы төрт маршрутқа демалыс күндері жаңа автобустар қосылады

Астанадағы төрт маршрутқа демалыс күндері жаңа автобустар қосылады

Демалыс күндері елордада төрт қалалық маршрут бойынша қосымша жеті автобус жолаушы тасымалдайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.

10 ақпаннан бастап қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында келесі қалалық маршруттарда демалыс күндері автобустар саны артады:

- №3 маршрутта 2 бірлікке (12 автобус);
- №13 маршрутта 2 бірлікке (10 автобус);
- №20 маршрутта 1 бірлікке (12 автобус);
- № 44 маршрутта 2 бірлікке (12 автобус).