
Ауа райының нашарлауына және жолдардың жабылуына байланысты Астана шетіндегі елдімекендерге қатынайтын қоғамдық көліктер қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
«Ауа райының нашарлауына және жолдардың жабылуына байланысты қала маңы бағдарларының барлық қозғалысы уақытша тоқтатылды», - делінген CTS хабарламасында.
Естеріңізге салсақ, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 8-9 ақпан күндері Астанада қарлы боран, көктайғақ болады. Оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с.