Астана мектептеріндегі екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқытылады

Астана мектептеріндегі екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқытылады

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елордалық мектептерде екінші ауысымның 0-9 сынып оқушыларына сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 8 ақпанында екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді», - делінген Білім басқармасының хабарламасында.

Естеріңізге салсақ, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 8-9 ақпан күндері Астанада қарлы боран, көктайғақ болады. Оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с болады деп күтіледі.