
Астана қаласындағы «Барыс» СК» мұзайдынында отандық хоккей тарихындағы алғаш рет ауылдың балалар-жасөспірім командалары арасындағы «SAMRUK BALA CUP» республикалық турнирінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Турнир 4 және 6 ақпан аралығында өтеді. Жарысқа елді мекендерде тұратын 300-ден астам спортшы бас қосты. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының аудандарынан 24 ұжым тартысқа түседі.