Астанада қар тазалауға 2,5 мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды

Астанада қар тазалауға 2,5 мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды

Бүгін таңертең Астанада қар тазалауға 2,5 мыңнан астам жол жұмысшы шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 3 ақпан күні қар тазалау жұмысына 1,5 мыңнан астам арнайы техника және 2,5 мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды.

Өткен түнде қаладан 33 мың текше метрден астам қар, яғни 2 562 жүк көлігіне тең қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына 3,5 млн текше метр қар жеткізілді, бұл 259 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.

Айта кетейік, «Қазгидромет» мәліметінше, 3 ақпанда Астанада көшпелі бұлт, кейде қар мен боран болады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан түнде 7-12 м/с соғады, күндіз – 15 м/с. Ауа температурасы түнде – 15-17, күндіз – 5-7 аяз.