
Елордада коммуналдық қызмет тәулік бойы көшелерді, алаңдарды және тротуарларды қар мен мұздан тазартады. 2 ақпан күні түстен кейін қар тазарту жұмысына мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
2 ақпан күні кешке 236 жол жұмысшысы және 1,1 мыңнан аса арнайы техника шығарылды.
Таңертеңнен бастап үш мың рейспен қар полигондарына коммуналдық қызмет мамандары 38 мың текше метрден аса қар шығарды.
Қыс басталғаннан бері барлығы 3,4 млн текше метр қар шығарылды, бұл 257 мың ауыр жүк көлігіне тең.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша 3 ақпанда күн бұлтты болып, ауық-ауық қар жауып, боран болады деп күтілуде. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні күндіз 15 м / с болуы ықтимал. Ауа температурасы түнде -15-17, күндіз -5-7 аяз болады.