Әкімшілік Әділет: астаналықтар қандай талаптарға жиі жүгінеді

Әкімшілік Әділет: астаналықтар қандай талаптарға жиі жүгінеді

Көбінесе елорда тұрғындары мен заңды тұлғалар Әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде сот орындаушыларының әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне, актілеріне дауласады. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Астана сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев айтты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Бұл сала атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар үшін өзекті болып қала береді. Әсіресе, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі аясында сот орындаушыларының әрбір іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) және актілеріне дауласуға болады.

"Осы санат бойынша істер санының төмендеу үрдісі орын алуда, өйткені 2021 жылы олар келіп түскен талаптардың жалпы санының 42,3 пайызды, 2023 жылы бұл көрсеткіш 33,3% құрады, яғни 9 пайызға төмендеді. Бұл ретте 2021 жылы қанағаттандырылған сот ісі 44,3%, 2022 жылы – 51,4% және 2023 жылы – 43,3% құрады", - деді спикер.

Тәжірибе көрсеткендей, сот орындаушылары әкімшілік қалауына байланысты жіберілген қателіктерді түзету бөлігінде сотта жиі татуласады.

Елордалық әкімшілік соттың тәжірибесінде салықтық құқықтық қатынастар мен мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар да сирек емес. Олар кәсіпкерлер үшін өте өзекті, олар бойынша өтініштердің өсуі байқалады. 2021 жылы олардың үлесі 9,1%, 2023 жылы – 12% құрады. Қанағаттандырылған талаптардың саны 2021 жылғы 41,5%-дан 2023 жылы 78,9%-ға дейін өсті.

"Соттың белсенді рөлі қағидаты талапкерге көмек көрсетуге, оған талаптарды дұрыс тұжырымдап қана қоймай, дәлелдемелік базаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерінде соттар әділеттіліктің, пропорционалдылықтың және ресми талаптарды теріс пайдалануға тыйым салудың жаңа принциптерін басшылыққа алды.

Дәлелдеу ауыртпалығын бөлу де маңызды.

Жауапкер заңды әкімшілік актіні қабылдағанын дәлелдеуі керек. Осы жағдайлардың барлығы жиынтығында әкімшілік істерді жан-жақты және тиімді қарауға алып келеді", - деп қорытындылады спикер.