«Тоқта, вандал»: елордалық пара спортшыларға профилактикалық түсіндірме жүргізілді

«Тоқта, вандал»: елордалық пара спортшыларға профилактикалық түсіндірме жүргізілді

Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында қалалық спорт басқармасына қарасты балалар - жасөспірімдер спорт мектебіне, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің есту мүшесі зақымдалған спортшыларына «Тоқта, вандал» бойынша профилактикалық түсіндірме жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Түсіндірме жұмысы барысында аталмыш мекеме қызметкерлері пара спортшыларға қаладағы ортақ мүліктің бүлінбеуі мен қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы жайында бейне сюжет көрсетіліп, мысалдар келтірілді.

Қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиеваның сөзінше мұндай кездесулер алдағы уақытта тұрақты өтетінің тілге тиек етті.

«Қоғамдық тәртіпті насихаттауға арналған осындай кездесулерді елорданың әрбір ауданында орналасқан спорттық мектептерде және кешкі жаттығу барысында жиі ұйымдастырып отырамыз.
Өздеріңіз білесіздер Мемлекет басшысы даладағы, көшедегі вандализм, кейбір азаматтарымыздың тәртіпсіздігі, мәдениетсіздігі, неше түрлі тұрмыстық жанжалдар еліміздің халықаралық аренадағы абыройына нұқсан келтіретініне баса назар аударған болатын», - деді ол.

Айта кетейік, былтыр жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдау білдірген «Тоқта, вандал» акциясы өтіп жатыр. Акция аясында қала бойынша күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі.