
Биыл елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Астанада 60-тан аса сырғанақ пен мұз айдыны ұйымдастырылды. Қысқы ойын-сауық қаланың барлық аудандарында ұйымдастырылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елордадағы қысқы демалыс орындарының барлығы ашық, келушілерге тегін. Мұнда әркім өз сырғанақ құралымен жүрсе де болады.
Қысқы сырғанақ орындарының аумағында жарқын декорациялар мен инсталляциялар, тақырыптық фотоаймақтар мен фудкорттар орнатылған.
Төменде қаладағы биылғы ең таңдаулы 5 орын ұсынылады.
1. ЭКСПО аумағы. Мұнда қаланың ең үлкен мұз айдындарының бірі орналасқан. Тұрғындар үшін жылы киім ауыстыратын бөлме, Фото аймақтар және жайлы кафелер бар.
2. Орталық саябақ. Елордалық орталық саябақта биыл алғаш рет ұзындығы 290 м болатын ең ұзын саптық мұз айдыны ашылды. Айта кетсек, мұнда 3 ақпанда Оңтүстік Кореяда өткен жасөспірімдер олимпиадасының алтын медалін жеңіп алған хоккейден Қазақстан құрамасының мүшелері балаларға арналған шеберлік сабақ өткізеді.
3. «Қазақ елі» монументі. Ескерткіш алаңы тірі шыршалармен және жарқын қондырғылармен безендірілген. Келушілер бұл жерді тегіс және биік, қауіпсіз мұз айдыны үшін таңдайды.
4. Қалалық алаң. Оң жағалау орталығының қысқы тұжырымдамасы жағалаудан басталып, қала алаңымен аяқталады. Келушілер үшін сырғанақ, мұз айдыны жұмыс істейді. Жасыл шыршаның немесе арнайы фото аймақтардың жанында естелік фотосуреттер жасай аласыз.
5. «Ататүрік» саябағы. Ататүрік саябағындағы гүлзарлар түріндегі мұз айдыны астаналықтардың сүйікті орнына айналды. Кешкілікте мұнда түнгі жарық қосылып, ерекше атмосфера орнайды.