Канвон-2024: астаналық кёрлинг шеберлері алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Канвон-2024: астаналық кёрлинг шеберлері алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында елордалық спортшылар алғашқы қарсыласын жеңді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Керлингтен қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында бірінші рет өнер көрсеткен жерлестеріміз топтық кезеңде ірі жеңіске қол жеткізді.

Аралас жұптық бәсекеде өнер көрсеткен әпкелі-інілі Мерей мен Ибрагим Тастемірлер Италия елінің спортшыларын айқын басымдықпен ұтты. Есеп: 10:2.

Енді ертең Астана уақыты бойынша 09:30-да құрамамыз шешуші ойынды Данияға қарсы өткізеді.

IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 1 ақпан күні мәресіне жетеді.