
№7 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде вандализм бойынша спортшыларға түсіндірме жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Панкратион» бөлімінің аға жаттықтырушысы, білікті бапкер Мұхамед Мейрамов кешкі жаттығу барысында спортшыларға қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу шаралары туралы айтып берді.
Бапкердің айтуы бойынша, вандализм адамдық тұрғыдан да, құқықтық тұрғыдан да құптарлық іс емес.
Сондықтан қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала мүлкіне ұқыпты болу қажет.
Түсіндерме жұмысынан кейін бапкер мектеп шәкірттеріне спорт формаларын табыстады.