
Елорданың жұмыссыз тұрғындарының қысқа мерзімді курстардан өтуіне және жұмыс берушіден тікелей жұмыс орнында оқытумен жаңа мамандықтар алуға мүмкіндігі бар. Астана қаласының Еңбек мобильділігі орталығының директоры Олжас Омар елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде жастарды оқыту, несиелеу және өз ісін ашуға гранттар беру бағдарламасы туралы айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Еңбек мобильділігі орталығы қызметінің маңызды бағыттарының бірі – кадрлар даярлау, қайта даярлау және жұмыссыздарды кәсіптік оқыту.
Кәсіптік оқыту екі бағытта жүзеге асырылады: оқу ұйымдарында жұмыс берушілердің сұранысы бойынша және жұмыс берушілердің жұмыс орнында.
Қатысу үшін мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Оқыту бір айдан алты айға дейін созылады. Қатысушыларды 32 681 теңге мөлшерінде стипендиямен қамтамасыз етеді (жұмыс берушілердің сұрауы бойынша), сондай-ақ оларға медициналық тексеруден өтуге 2 АЕК немесе 7 384 теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі.
Оқыту жұмыс берушінің жұмыс орнында 73 840 теңге (20 АЕК) жалақы төлей отырып өтеді. Бағдарлама түлектері оқуды аяқтағаны туралы куәліктер немесе сертификаттар алады және тұрақты жұмысқа орналаса алады.
«Сондай-ақ мансаптық орталық халықтың әлеуметтік осал тобына жеке бизнес ашуға гранттар береді: атаулы әлеуметтік көмек алушылар; көпбалалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды алушылар; асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар; қоныс аударушылар; қандастар; еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар; мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы) жатады. Өтініштер business.enbek.kz порталында ағындар бойынша қабылданады. Жұмыссыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелу керек», - деді спикер.
Оның ақпараты бойынша, қатысушыда жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі 3 жылдан кем болмауы керек.
Гранттар бір рет беріледі. 3 жылдан аспайтын мерзіммен «Бастау Бизнес» оқыту туралы сертификаттың, үміткердің business.enbek.kz порталында белгіленген талаптарға сәйкестігі нәтижелерінің болуы талап етіледі және комиссияның оң шешімі. 400 АЕК (1 476 800 теңге) дейінгі мөлшердегі гранттар өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Биыл барлығы 125 грант беру жоспарланып отыр.
Орталық жастарға шағын несие де береді. Ол 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастардың өкілдері қатыса алады. Қарыз сомасы: 5 миллион теңгеге дейін, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%. Қарыз мерзімі 5 жылға дейін (мал шаруашылығын дамыту үшін – 7 жылға дейін). Өтінім беру сәтінде ЖК ретінде тіркеу мерзімі 5 жылдан аспауы тиіс. Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып саналады.
Кепіл ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Мұндай болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.
Негізгі борышты өтеу және микрокредит беру мерзімінің үштен бір бөлігіне дейінгі сыйақы үшін жеңілдікті кезең қарастырылған.
Қажетті құжаттар тізбесі: Жеке басын куәландыратын құжат; жоба бойынша бизнес-жоспар; шоттың болуы туралы қызмет көрсетуші банктен анықтамалар; қаржы ұйымдарынан кредиттік берешектің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтамалар( кредиттер болған кезде); қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де кірістерін растайтын құжат (үзінді көшірме болған жағдайда; кепілмен қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын мүлікті бағалау туралы есеп; кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.
Құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қабылдайды.