
Ертең Астанада жеңіл атлетикадан World Indoor Tour Gold – Astana Amoor meet for Amin Tuyakov Prizes сериясындағы халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Турнирге 45 елден бас-аяғы 136 спортшы қатысады. Олардың арасында 4 Олимпиада чемпионы, 10 әлем чемпионы, 3 Еуропа чемпионы, 1 Азия чемпионы бар.
Халықаралық бәсекеде Қазақстан намысын 28 жеңіл атлет қорғайды. Олардың арасында Надежда Дубовицкая, Давид Ефремов, Ольга Сафронова, Кристина Овчинникова, Виталий Земс, Аделина Земс секілді танымал отандық спортшылар бар.
Айта кетейік, Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған айтулы жарысты жаһанның 80 мемлекетінде тікелей эфирде көрсетеді. Халықаралық жарыс 27 қаңтар күні Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде сағат 15:00-де басталады.