
27 қаңтар күні Астанада алғаш рет жеңіл атлетикадан World Indoor tour Gold – Astana Amoor meet for Amin Tuyakov Prizes сериясындағы турнир өтеді. Турнирге Олимпиада чемпиондары, әлемдік рекордшылар, 45 елдің даңқты спортшылары қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
World Indoor Tour Gold әйгілі «Гауһар лига» сериясының аналогы (ғимарат ішіндегі) болып саналады. Онда жыл сайын әлемдегі ең үздік спортшылар бақ сынайды.
Астанада өтетін турнирге Швециядан әлем және Еуропа чемпионы, Токио Олимпиадасының чемпионы, 12 дүркін әлем рекордшысы Арман Дуплантис, Канададан 200 м бойынша Олимпиада ойындарының алтын иегері, эстафетадан әлем чемпионатының, 2023 жылғы «Гауһар» лигасы финалының жеңімпазы Арне де Грасс, АҚШ-тан 60 м кедергілермен жүгіруден екі дүркін чемпионы, Олимпиаданың күміс жүлдегері Ниа Али, Нигериядан 100 м кедергілермен жүгіруден әлем чемпионатының алтын жүлдегері, Олуватобилоба «Гауһар» лигасының соңғы үш финалының жеңімпазы Айомиде Амусан сияқты спорт жұлдыздары келеді
Astana Amoor meet for Amin Tuyakov Prizes аясында жарыстың келесі түрлері жоспарланған:
Ерлер үшін:
* 60 метрге жүгіру
* 400 метрге жүгіру
* 3000 метрге жүгіру
* Кедергілермен 60 метрге жүгіру
* Сырықпен секіру
* Ядро лақтыру
Әйелдер үшін:
* 60 метрге жүгіру
* 400 метрге жүгіру
* Бір миль жүгіру
* Кедергілермен 60 метрге жүгіру
* Биіктікке секіру
* Ұзындыққа секіру
Жыл сайын world Indoor Tour Gold күнтізбесіне әлемнің жеті қаласы ғана кіреді:
- Астана, Қазақстан (27 қаңтар 2024 ж.)
- Острава, Чехия (30 қаңтар, 2024)
- Бостон, АҚШ (4 ақпан, 2024)
- Торун, Польша (6 ақпан, 2024)
- Льевен, Франция (10 ақпан 2024)
- Нью-Йорк, АҚШ (11 ақпан, 2024)
- Мадрид, Испания (23 ақпан, 2024)
Турнирге елордада 45 елден 136 спортшы жиналады. Айта кетсек, World Athletics талаптарына сәйкес, жүлде қоры әр спорт түрі бойынша кемінде 7 мың АҚШ долларын құрайды.
World Athletics Indoor Tour – 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жабық жеңіл атлетикадан жыл сайынғы жарыстар сериясы.
Турнирдің ресми бағдарламасы 27 қаңтар күні сағат 15:00-де басталады.
Көрерменге кіру іс-шарадан бір сағат бұрын ашық болады.