Елордалық спортшы Кирилл Герасименко АҚШ-тағы турнирде алтыннан алқа тақты

Елордалық спортшы Кирилл Герасименко АҚШ-тағы турнирде алтыннан алқа тақты

АҚШ-тың Корпус-Кристи қаласында үстел теннисінен «WTT Feeder Corpus Christi 2024» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан командасының көшбасшысы, астаналық Кирилл Герасименко турнир аясында титулды қарсыластарын жеңіп, алтыннан алқа тақты. Дүбірлі додада жерлесіміз америкалық Кай Чжанды 3:1, үндістандық Хармит Десайды 3:1, германиялық Штеффен Менгельді 3:1, португалиялық Жоао Монтейруді 3:2 есебімен ұтып, турнирдің ең биік сатысына көтерілді.

«Құттықтауларыңызға рақмет. Бұл турнирде бірінші орын алып, WTT Champions турниріне қатысу үшін рейтингілік ұпай жинаймын деген мақсат болған. Сондай-ақ бұл ұпайлар Париж Олимпиадасына іріктеу кезеңінде де маңызды.

Мұнда өзіме деген сенімділіктің арқасында мықты спотшылардан басым түстім», - деді Кирилл Герасименко.
Енді жерлесіміз Гоада (Үндістан) 23 қаңтар күні басталатын үстел теннисінен «WTT Star Contender Goa 2024» халықаралық жарысқа қатысады.