Астанада мас күйдегі ер адам лифт тақтасын бұзып кетті

Астанада мас күйдегі ер адам лифт тақтасын бұзып кетті

Елордалық полицейлер тұрғын үй кешендерінің бірінде лифтінің таблосын теуіп сындырған бұзақыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық полицейлер қала тұрғынына қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол тұрғын үй кешеніндегі лифт қабырғасына зақым келтіргені үшін айыпталған.

Полицияға қала тұрғыны өтініш білдіріп, тұрғын үй кешенінің кіреберісінде тұрған белгісіз ер адам үй мүлкіне зақым келтіргенін, содан кейін лифті істен шыққанын хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бұзақының жеке басы анықталды. Ол 27 жастағы қала тұрғыны болып шыққан. Бұзақы ашуланғандықтан масаң күйінде лифтінің таблосын ұрып, тепкен. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камераларына жазылып қалғаны дәлел болған.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарға бөтеннің мүлкіне зиян келтіргені үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді.